Алматыда кәсіпкерлерге криминалдық қысым көрсеткендер ұсталды

ІІМ Бас прокуратурамен бірлесіп, 27 наурыз күні Алматы қаласында адам ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілеріне қатысты қылмыстық істер бойынша жедел-тергеу іс-шаралар кешенін өткізді.

Полиция

Алматы, NEGE. Үйлесімді іс-қимылдардың нәтижесінде барлық күдікті анықталып, ұсталды. Сот санкциясымен 17 тінту жұмысы жүргізілді.

«Заңсыз айналымнан атыс қарулары, оның ішінде сәйкестендіру нөмірлері жоқ тапаншалар мен Калашников автоматы, сондай-ақ әр түрлі калибрлі 500-ге жуық оқ-дәрі тәркіленді», – делінген хабарламада.

Жедел ақпаратқа сәйкес тәркіленген қару мен оқ-дәрілерді кәсіпкерлерге криминалдық қысым көрсету үшін пайдалану жоспарланған.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.