Алматыда қарт ерлі-зайыптыны өлтіріп, үйімен өртеп жіберген

Алматы полиция басқармасы жеке үйдегі өртті сөндіру кезінде екі адамның мәйіті табылғанын хабарлады.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Қайтыс болғандар қарт ерлі-зайыпты екені белгілі болды. Алдын ала мәлімет бойынша, зейнеткер ер адам өртке дейін қаза тапқан. Әйелінің өлімінің себебі әлі жарияланған жоқ.

"Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жанжал мен араздық қылмысқа себеп болған. Басқа жағдайлар анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды