Алматыда КАМАЗ газ құбырын жапырып өтіп, аударылып қалды

Бүгін таңертең Алматыда КАМАЗ жол апатына ұшырады.

Zakon.kz

Алматы, NEGE. Оқиға орнында жүк көлігінің жүргізушісі көз жұмды.

Қайғылы оқиға «Тау самалы» ықшам ауданында болған. КАМАЗ саяжайлар арасындағы тік жолмен төмен қарай қозғалып келе жатқан. Алдын ала болжам бойынша, көлік бар екпінімен ылдилай жөнеліп, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.

Салдарынан ауыр көлік алдымен қақпаны бұзып өтіп, одан соң газ құбырының, сондай-ақ электр бағанасын жапырған. Содан кейін КАМАЗ бір жағына қарай құлап, ақырында дөңғалақтары көктен келген. Жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, куәгерлердің айтуынша, ол жасы елуден сәл асқан ер адам.

Қазір оқиға орнында бүлінген бағандар бойынша коммуналдық қызметтер жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ, КАМАЗ-дың жолды толығымен жауып тастағаны белгілі. Көлік құралын да эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Көшенің тар болуына байланысты бұл жұмыстарды жүргізуде белгілі бір қиындықтар туындауда.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді

БҚО-да оқушылар мінген автобус жол апатына түсті

Прокурор Жақсылық Омарды 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады