22 июня 2024 г. 5:02

Алматыда қала сыртындағы лагерьлерде балалардың демалыс маусымы басталды

Фото: Алматы әкімдігі

Алматылық балалардың жазғы демалысы оқушылардың бірінші легін қала сыртындағы лагерьлерге жіберуден басталды.

Алматы, NEGE. Ерекше білім беру қажеттілігі бар 100 бала Қапшағай су қоймасының жағасындағы «Балдәурен» лагерінде демалып жатыр.

Педагогикалық білімі бар тәлімгерлер мен мейірбике қызметкерлері балалардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді. Санитарлық бақылау күшейтіліп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар енгізілді. Балалар жүйелі түрде медициналық тексерістен өтеді.

Алматыда биыл жазда 266 мың оқушы демалып, уақытын қызықты өткізе алады. Оның ішінде 3 мыңнан астам бала қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерлеріне барады.