Алматыда Қала күніне орай гала-концерт өтеді

15 қыркүйек күні сағат 19:00-де Қабанбай батыр көшесінде Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының алдында «Мұра» гала-концерті өтеді.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Сахнада опера және балет жұлдыздары, оның ішінде халық артисі Нұржамал Үсенбаева және т.б. танымал адамдар өнер көрсетеді.

Іс-шараға байланысты 15 қыркүйек сағат 17:00-ден 23:00-ге дейін Қабанбай батыр көшесі Абылай хан даңғылынан Назарбаев даңғылына дейін жол жабылады. 

Қала күнін мерекелеу аясында 14 қыркүйек сағат 16:00-де «Астана» алаңында LuxFM радиостанциясының фестивалі өтеді. Сахнада Мирас Жүгінісов, Айқын Төлепберген, Jazzdauren, Adam және басқа да танымал артистер өнер көрсетеді. Кештің басты қонағы – Грэмми сыйлығының иегері, продюсер DJ Imanbek.

Сондай-ақ «Астана» алаңында эстрада жұлдыздарының қатысуымен Almaty Cover Show өтеді. Концерт 17:00-де басталады, оған Нағима Есқалиева, Мейрамбек Беспаев, Kalifarniya, RaiM, Нұрлан мен Мұрат, ARO, Ерболат Құдайберген, Қайрат Түнтеков, Еркін Нұржанов, Айдар Тұрғанбай және т.б. әртістер қатысады.

Ескеретін жайт, қыркүйектің 12-сі мен 16-сы аралығында Төле би көшесінің бойы Панфилов көшесінен бастап Абылай хан даңғылына дейін жабылады. Бұл аралықта Астана алаңында Қала күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылатын іс-шараларға дайындық жұмыстары жүргізіледі. 

Қазір оқып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?