Алматыда Қала күні қайда баруға болады?

Қыркүйек айының үшінші жексенбісі – Алматының туған күні!

pixabay.com

Алматы, NEGE. Қала бұл мерекені кең ауқымда атап өтеді: балалар мен ересектерге арналған 150-ден астам шара, олардың бәрі «Алматы – біздің ортақ үйіміз», «Алматы – әсем қала», «Алматы – таза қала» аясында біріккен.

Іс-шаралар Абай атындағы алаңнан Гүлдер саябағына дейін әртүрлі жеррде өтеді. Барлық концерт тегін, тек театрда, шапито циркі мен жабық нысандардағы қойылымдар ақылы. Мобильді оркестрлер мен артистер қала тұрғындарын арт-перфомансымен қайран қалдырады.

Метро нағыз өнер алаңына айналады: мұнда көрме ұйымдастырылып, музыканттар өнер көрсетеді. Сондай-ақ үй маңында кештер, фильмдер және халықтық караоке жоспарланған.

Іс-шаралар бағдарламасын мына сілтемеден білуге болады. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді