Алматыда интим қызмет көрсеткен шетелдіктер ұсталды

Алматыда шетелден келген интим қызмет көрсететіндер ұсталды, деп хабарлайды Алматы Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Полиция

Алматы, NEGE. Көші-қон қызметі оларды "Стоп трафик" жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықтады.

"Тексеріс барысында Наурызбай ауданындағы үйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысатын орын болған жеке тұрғын үй анықталды. Ұсталған он екі адамның жетеуі - көші-қон заңнамасын өрескел бұзған шетел азаматтары. Бұл дерек бойынша құқықбұзушыларға қатысты заңнамалық шаралар қолданылды", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар, интим қызмет көрсетілген үйдің иесі жауапқа тартылды.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр