Алматыда иесіз жануарларға арналған жедел ветеринарлық көмек іске қосылды

Алматыда иесіз және бұралқы жануарларға арналған жедел ветеринарлық көмек қызметі жұмысын бастады.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Жаңа бастама төтенше жағдайға жедел әрекет етуге және зардап шеккен жануарларды клиникаларға жеткізуге бағытталған.

Барлық қажетті жабдықпен қамтылған екі арнаулы бригада құрылды.

Тасымалдау үшін торлар, зембілдер және медициналық құралдармен жабдықталған жүк көліктері пайдаланылады.

Жедел ветеринарлық көмекті мына жағдайда шақыру қажет:

– Ауыр жарақаттар: жол апаты, құлау.

– Улану.

– Қауып алу: инфекция мен асқыну қаупі.

– Жедел жағдайлар: коллапс, жүрек-қан тамырлары жетіспеушілігі, тыныс алу проблемасы.

Жедел ветеринарлық көмек шақыру: 8 708 595 64 04, 338 27 59 немесе Бірыңғай нөмір – 109.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ