Алматыда халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

Алматы қалалық полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының азаматын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Іздеу салуға Ресей Федерациясының Краснодар өлкесі бойынша Федералдық қауіпсіздік қызметінің басқармасы бастамашы болған.

Ұсталған азамат ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Қолда бар мәліметтер бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 23 миллион рубльден асады.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іздеуде жүрген азаматтың орналасқан жері туралы ақпарат алынды. Алматы полициясы бөлімшелерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде ол ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты экстрадициялау ісі басталды», – деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Полиция халықаралық ынтымақтастық және басқа елдердің құқық қорғау органдарымен ақпарат алмасу аясында сот төрелігінен жасырынған адамдарды анықтау және ұстау жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды