Алматыда ғимараттардың сейсмикалық қауіпсіздігін күшейту бойынша қалалық бағдарлама әзірленеді

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында 2025-2027 жылдарға арналған бюджет қабылданып, оған қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін арттыруға 14 миллиард теңге қарастырылды.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Бағдарлама аясында ғимараттардың сейсмикалық төзімділігін анықтау үшін төлқұжаттау жүргізіледі, бұл Жапония, АҚШ және Израильдің тәжірибесі бойынша сейсмикалық күшейту бағдарламасын әзірлеуге көмектеседі.

2025 жылы 3 мектептің сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталып, №50 мектеп-лицейі мен 7 балабақшада басталады.

Көшкін қаупін бағалау үшін құны 168,8 млн теңге болатын жоба іске асырылуда. Сондай-ақ, жер сілкінісі туралы ерте ескерту жүйесін жақсарту үшін 70 жаңа сейсмикалық станция орнату көзделген.

Халықты өзін-өзі құтқару және төтенше жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету дағдысына үйрететін симуляциялық оқу-әдістемелік орталық салу қосымша жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды