Алматыда газ баллондары сақталған үй өртенді

Алматы қалалық ТЖД департаменті Медеу ауданындағы жеке үйден 25 литрлік 16 газ баллоны шығарылғанын хабарлады.

Алматы қалалық ТЖД департаменті

Алматы, NEGE.«26 сәуір күні Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Медеу ауданы Орынбор көшесіндегі жеке үйдің жануы туралы хабарламаға жоғары нөмір бойынша жіберілді. Алғашқы бөлімшелер 7 минуттан кейін келген сәтте, Шоқай көшесі бойындағы салынған шаруашылық құрылысының шатырының отқа оранғаны және өрттің Орынбор көшесі бойындағы орналасқан 2 қабатты жеке үйдің шатырына таралғаны анықталды», – делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге 32 адам және 10 техника жұмылдырылған.

Барлау және сөндіру барысында 16 газ баллоны эвакуацияланып, жарылыстың алдын алынды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 31 минут ішінде оқшауланды. Құрылымдарды бөлшектеу және су төгу жұмыстары жүргізілді. Өртті жоюға жеке құрамның 32 адамы және 10 техника жұмылдырылды, – деді Алматы қалалық ТЖД департаменті.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты