Алматыда фотосессия ұйымдастырған мектеп оқушыларының бірі өзенге құлап кетті

Сағат 15:35 шамасында Аюсай шатқалы аумағында фотосессия ұйымдастырған мектеп оқушыларының бірі Проходная өзеніне құлап кеткен, деп хабарлады Алматы құтқару қызметі.

gov.kz

Алматы, NEGE. Мәліметке сәйкес, 18 оқушы мен сынып жетекшісі су жағасында фотосессия өткізіп жатқан сәтте, 9-сыныпта оқитын қыз тайып, суға түсіп кеткен.

Оқиға орнына дереу Алматы қаласының құтқару қызметінің құтқарушылары аттанды. Сағат 15:56–да, құлап кеткен жерден шамамен 500 метр төмен, бөгеттің алдында оқушы судан шығарылды.

Құтқарушылар алғашқы медициналық көмекті оқиға орнында көрсетіп, зардап шеккен оқушыны жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Марихуана тартып, айыппұл арқалаған қазақстандық Конституциялық сотқа жүгінді

Қазақстандық шенеуніктердің Эпштейн ісіне қатысы бар-жоғы әлі тексеріліп жатыр

Қарағанды облысында 13 жастағы бала іздестіріліп жатыр

Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды