Алматыда ескі көліктердің орталыққа кіруіне шектеу қойылады

Алматыда ауаның сапасын жақсарту мақсатында жаңа экологиялық ережелер енгізілуде.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Төмен экологиялық класты көліктерге (Еуро-5-тен төмен) қала орталығына кіруге шектеу қойылады. Бұл бастама «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Бұл көліктерге кіру ақылы болуы мүмкін. Төлем автокөліктің қалада жүрген уақытына байланысты есептеледі.

Сонымен қатар, ескі көлік иелеріне оларды утилизациялау үшін мемлекетке өткізу мүмкіндігі ұсынылады. Жоба «Аймаққа» кіру үшін төлем есебінен, сондай-ақ арнайы ұйым мен жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылмақ.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда әскери қызметші оқ жарақатынан қаза тапты

Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев дүние салды

Атырау полициясының бастығы қамауға алынды

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді