Алматыда ер адамды пышақтап өлтірген әйел ұсталды

Алматыда кісі өлтірді деген күдікке ілінген әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

discover24.ru

Алматы, NEGE. Кешкі сағат 17:00 шамасында аса ауыр қылмыс жасалған. Алмалы ауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінде денесінде пышақ жарақаттары бар ер адамның мәйіті табылды.

– Бұл қылмыс дереу ашылды. Адам өлтірді деген күдікпен “Буран-065” патрульдік полициясының экипажы әйел адамды ұстады. Ол кісі қолынан қаза тапқан ер адамның туысы екені анықталды. Олардың арасында кикілжің болып, нәтижесінде әйел адамның қолына пышақ алғандығы белгілі болды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды. Басқа да мән-жайлар анықталады, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмеді. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді