Алматыда ер адам тұрғын үй күзетшісін көлікпен бірнеше рет қағып, қатігездікпен өлтіріп кетті

Алматыда «Меркуртаун» тұрғын үйінің күзетшісін ер адам «джип» автокөлігімен бірнеше рет қағып, артынша ұрып-соққан.

t.me/kozachkow

Алматы, NEGE. Күдіктінің қылмысы бейнежазбаға түсіп қалған. Куәгерлердің айтуынша, қылмыскер есірткіге құмар болған. Марқұмның артында үш баласы қалды.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үй кешенінің күзетшісі мен тұрғыны арасында жанжал шығып, нәтижесінде 45 жастағы ер адам күзетшінің өміріне сәйкес келмейтін дене жарақаттарын келтірген. Күдікті ұсталып, уақытша қамауға алынды. Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды