Алматыда ер адам спа-салонда жұмыс істейтін қызға шабуыл жасады (видео)

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

ілеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Алматыда спа-салонда жұмыс істейтін қызға белгісіз ер адам шабуыл жасаған. Ол салонға кіріп, сыра сатуын сұраған. Қызметкер алкогольдік «ішімдіктерді сатпаймыз» деп жауап береді.

Ашуланған ер адам қызға алдындағы заттарды лақтырып, жанына барып шашынан ұстап, қол көтере бастаған. Ер адамның Ресей азаматы екені айтылады. 

Алматы қаласының полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

«Ұрып-соғу фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушы қамауға алынды. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды», – делінген хабарламада. 

 

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды