Алматыда ер адам көпірден секіріп кетпек болды

Алматыда полиция ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Таңғы уақытта жедел басқару орталығына Саин даңғылы мен Райымбек даңғылының қиылысындағы көпірде ер адамның суицидке оқталғаны туралы хабарлама түсті. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз азамат көпір үстінде тұрып, секіруге әрекеттенген.

Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипаждары жіберілді. Полиция қызметкерлері келгенде, ер адамның ауыр психоэмоционалдық күйде екенін байқады. Ол байланыс орнатудан үзілді-кесілді бас тартып, өзіне қауіп төндіріп тұрғанына қарамастан, полицейлер сабырлық танытып, оған жанасу арқылы сенім ұялатып, тілдесуге тырысты.

Қауіпті жағдай кезінде оқиға орнына Әуезов аудандық полиция басқармасының басшылығы да келіп жетті. Тәртіп сақшыларының үйлесімді және кәсіби іс-қимылының арқасында ер адам көзге түспей жақын келіп, қауіпсіз жерге шығарылды.

Құтқарылған азамат – Алматы қаласының 35 жастағы тұрғыны. Оның психикалық жағдайын бағалау үшін психикалық денсаулық орталығына жеткізілді. 

Қазір оқып жатыр

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді

Теңіз кен орнында тағы бір апатты жағдай болды

Михаил Шайдоров: «Ел алдында атымды қаралауға жол бере алмаймын»