Алматыда ер адам 12 жастағы балаға пышақпен шабуыл жасап, гитарасын тартып алмақ болған

Алматыда белгісіз ер адам 12 жастағы жасөспірімге шабуыл жасап, оның қолындағы гитарасын тартып алған. Қазіргі уақытта күдіктіні полиция іздестіріп жатыр.

видео-скрин

Алматы, NEGE. Оқиғаның видеосын Qumash Telegram каналы жариялады. Жасөспірімнің анасының айтуынша, шабуыл жасаған адамның қолында пышақ болған. Жасөспірімнің көмек сұраған дауысын естіген дүкен сатушысы сыртқа жүгіріп шыққан. Сол сәтте күдікті гитараны тастай салып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Баланың анасы дәлелдердің жеткіліксіз екенін алға тартып, бірден полицияға жүгінбеген. Дегенмен Алматы қаласының полиция департаменті аталған жағдай бойынша тексеру жұмыстарын бастап кетті.

Ведомствоның мәліметінше, қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен оған қатысы бар тұлғаларды анықтау бағытында шаралар жүргізілуде. Тексеру нәтижесі бойынша оқиғаға құқықтық баға беріліп, заң аясында тиісті шешім қабылданады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті