«Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы Ильяс Сариевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Ақпаратты Алматы қаласының полициясы растады.

instagram.com/qazaq_robin_hood

Алматы, NEGE. «Алмалы аудандық полиция басқармасында алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жан-жақты және объективті тергеуге бағытталған бірқатар тергеу шарасы жүргізіліп жатыр. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — делінген хабарламада.

Сәриев әлеуметтік желілерде өзін «Қазақтың Робин Гуды» деп атайды. Instagram парақшасында 600 мыңнан астам жазылушысы бар. Ал қордың парақшасына шамамен 400 мың адам тіркелген. Қор балалар мен қарттарға көмек көрсету үшін қаражат жинаумен айналысқан.

Қазір оқып жатыр

Өскеменде зауыт аумағында жарылыс болды

Жаңбырдан кейін су басқан Алматы әуежайына айыппұл салынды

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды