16 сентября 2024 г. 16:36

Алматыда екі оқушы қыз тоғызыншы қабаттан құлап мерт болды

Фото: ғаламтордан

Бүгін, 16 қыркүйекте Алматы қаласында екі қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап, мерт болды.

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға таңғы сағат 10-дар шамасында Алмалы ауданында болған. Қайғылы оқиға орнына жедел жәрдем дәрігерлері мен полиция қызметкерлері дереу жеткен. Алайда қыздарды аман алып қалу мүмкін болмады. 

Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдайға қатысты пікір білдірді. 

– Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, – делінген хабарламада. 

Оқушы қыздардың мұндай қадамға не үшін барғаны белгісіз.