Алматыда екі қабатты ғимараттың шатыры өртеніп, төрт адам ауруханаға жеткізілді

Оқыс оқиға бүгін, 21 қазанда, Алатау ауданына қарасты Әйгерім-1 шағынауданында тіркелген. Пригородная көшесінде орналасқан екі қабатты ғимараттың шатыры өртке оранды.

NEGE

Астана, NEGE. ТЖМ ақпаратынша, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына 7 минут ішінде жеткен. Өрт сөндірушілер келген кезде шатырдың бүкіл аумағы ашық жалынмен жанып жатқан.

Металл жабынды шатырдың ағаш торламасы арқылы өрт тез таралған. Өрт сөндірушілер 180 шаршы метр аумақты қамтыған өртті жедел сөндіріп, жалынның көрші тұрғын үйлерге таралуына жол бермеген. Өртті сөндіру барысында ғимарат шатыры опырылып түскен.

Оқиға салдарынан төрт адам ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта олар дәрігерлердің бақылауында.

Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.