Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне байланысты қандай көшелер жабылады?
10 тамыз күні Орталық стадионда өтетін Дженнифер Лопестің концертіне байланысты Алматы полициясы жолдардың уақытша жабылатыны туралы сызбаны жариялады.
Алматы, NEGE. Сағат 16:00-ден бастап келесі учаскелерде жол жабылады:
– Байтурсынов көшесі – Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін,
– Сәтпаев көшесі – Сейфуллин даңғылынан Байзақов көшесіне дейін,
– Абай даңғылы – Сейфуллин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейін.
Жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылады.
Барлық қонақтардан ұйымдастырушылар стадионға кіру кезінде кідірістер болмас үшін алдын ала келуді сұрайды. Стадионға кіру сағат 15:00-ден басталады. Іс-шараға кіру тек QR-коды бар билетпен жүзеге асырылады. Бір билет – бір адамға ғана жарамды.
VIP Standing, Fan zone, Dance floor сияқты тұру аймақтарына 16 жастан бастап кіруге рұқсат етіледі. 12 мен 16 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар іс-шараға тек ересек адамның ертіп келуімен және отырғыш орындарға арналған билеті болған жағдайда ғана жіберіледі.