Алматыда дәрігерлер екі жастағы баланың басына кіріп кеткен қайшыны алды

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бала қолындағы қайшымен жүгіріп жүріп, сүрініп құлаған сәтте өткір зат маңдай тұсына кіріп кеткен.

instagram.com/almaty_gorzdrav

Астана, NEGE. Бала жедел жәрдеммен Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының қабылдау бөліміне жеткізілген.

«Ол бірден жансақтау бөліміне ауыстырылып, дәрігерлер жедел түрде қайшыны алып тастады. Осыдан кейін науқас жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды», – делінген ведомство хабарламасында.

Ауруханаға түскен кезде баланың жағдайы ауыр болған. КТ нәтижелері бойынша сол жақ маңдай сүйегінің көп жарықшақты, ішке қарай басылған сынуы, сүйек сынықтарының ми тініне енуі, пневмоцефалия, сондай-ақ зақымданулар анықталған.

Баланың басына кіріп кеткен қайшыны дәрігер Николай Кутырев алған. Процедура шамамен 10 минутқа созылған.

Бала бір апта бойы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында мамандардың бақылауында болды. Алдағы уақытта тұрғылықты жері бойынша емханада невропатолог дәрігердің бақылауында болады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде учаскелік полицей қарт ананы 30 жыл көрмеген балаларымен қауыштырды

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Трейдерлер Қытайға экспорттан шет қалғанын айтып, дабыл қақты

Астанадағы өрт: құтқарушыларға кедергі келтірген көлік жүргізушісі жазаланды