Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Алматыда дәрігерлер жүктіліктің соңғы кезеңіне жеткендей алып ісігі бар науқастың өмірін сақтап қалған бірегей ота жасады.

freepik.com

Астана, NEGE. Алматыда жасалған ота туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Зейнет жасындағы әйел салмағы шамамен 25 келі болатын ісігін медициналық жолмен емес, тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспалар арқылы емдемек болған. Туыстарының айтуынша, әйел денсаулық жағдайын жасырып, тіпті қоспаларды сатып алу үшін несие алған. Алайда ол емінен ешқандай нәтиже болмаған – ісік жылдам өсе берген.

«Тек жағдайы нашарлағаннан кейін ғана науқас Алматы онкологиялық орталығына онкохирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Балтаевқа қаралды. Компьютерлік томографияны қоса алғанда, тексеру кезінде іш қуысы мен жамбас қуысында алып ісік анықталды. Ісік іш қуысын толығымен толтырып, жамбас қуысына дейін жайылып кеткен.

Дәрігерлер қажетті ота алдындағы дайындықты жүргізгеннен кейін шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдады», – делінген хабарламада.

Шамамен 2-2,5 сағатқа созылған отаны онкохирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Балтаев және оның көмекшісі Ғалым Сармаш жүргізген.

«Алынған ісіктің салмағы шамамен 25 келі болды. Гистологиялық зерттеу нәтижесінде некроз аймақтары бар дифференциалданған ретроперитонеальды липосаркома диагнозы қойылды, бұл қатерлі ісікті растады», – дейді дәрігерлер.

Қазіргі уақытта науқас химиотерапиядан өтіп жатыр және оны мамандар бақылауға алған.

Дәрігерлер уақытылы диагноз қою қатерлі ісікпен күресте аса маңызды екенін ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды

27 наурызда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді