2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Алматыда дәмхана қызметкерлерін балағаттаған ер адам қамалды

Алматыда қоғамдық тәртіпті бұзған азамат әкімшілік жазаға тартылды.

Полиция

Алматы, NEGE. Жақында Алматыдағы дәмханалардың бірінде келеңсіз жағдай болған еді. 45 жастағы ер адам мекеме қызметкерлерін балағаттап, тәртіп бұзған.

Алмалы ауданының полицейлері тәртіп бұзушыны жедел анықтап, ұстады. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 5 тәулікке қамалды.

«Кез келген жанжалды жағдай заң аясында шешілуі керек. Балағаттау, қорқыту, агрессия әділ шешімге әкелмейді, тек мәселені ушықтырады. Біз азаматтарды заң талаптарын сақтауға, келіспеушіліктер туындаған жағдайда құзырлы органдарға хабарласуға шақырамыз», - деді, Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы Мақсат Пшан.