Алматыда бұрынғы судья Светлана Жолмановаға қатысты сот отырысы бесінші мәрте кейінге шегерілді

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясы Светлана Жолмановаға қатысты сот отырысы осымен бесінші рет шегерілді. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталып отырған бұрынғы судья Светлана Жолманова белгісіз себеппен сот залына келмеді.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Қанат Әріновтің сөзінше, айыпталушы уақытша ұстау изоляторында отырғандықтан, мекемеге ресми сауалхат жолданбақ.

«Светлана Жолманованың сотқа не себепті келмегені жөнінде нақтылау үшін мекемеге сауал жіберіледі. Осы мәлімет негізінде сот тарапынан тиісті шара қолдану мәселесі қаралады. Келесі сот отырысы 18 сәуір күні сағат 10:00-де өтеді», – деді судья.

Прокурордың айтуынша, Жолманова сотқа осымен бесінші рет келмей отыр.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті