3 мая 2025 г. 19:40

Алматыда бұрынғы полицей азаматтық некедегі әйелін өлтіріп, өзіне қол жұмсамақ болған

Фото: ғаламтордан

Алматыда бұрынғы полицей азаматтық некедегі әйелін өлтіріп, артынша өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. «Әйел адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметке сәйкес, азаматтық некеде тұрған ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, ер адам әйелге бірнеше рет пышақ салған. Жарақаттан әйел оқиға орнында көз жұмды. Кейін күдікті өзіне пышақпен мойын мен құрсақ тұсына жарақат салу арқылы суицид жасауға әрекеттенген», — делінген хабарламада.

Күдікті оқиға орнында ұсталып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Қазір ол күзетпен емделіп жатыр.

Мәлімет бойынша, күдікті бұған дейін Алматы облысының полиция департаментінде қызмет атқарған және теріс себептермен жұмыстан шығарылған.