Алматыда бұрынғы әйелін ұрып-соққан ер адам қамалды

Бұрынғы әйелін көшеде ұрып-соққан Александр Ким қамалды, деп хабарлады Полиция. 

видеодан

Алматы, NEGE. Бұған дейін Алматыда әйелді аяусыз ұрғаны түсірілген видео желіде тараған еді. Кейін бұл оқиғаға қатысты әйелдің бұрынғы күйеуі кешірім сұрап, видеоүндеу жариялаған. 

Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам бұрынғы әйелін ұрып-соққаны үшін ұсталды. 

«Бұрынғы әйеліне дене жарақатын салған ер адам ұсталды. Қол жұмсағаны және бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін ол сот шешімімен 25 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, оған айыппұл салынды», - деп хабарлады ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысының тұрғыны күйеуін қызғанғаны үшін 544 мың теңге айыппұл арқалады

Танымал қазақстандық блогер Моңғолия Президентімен кездесті

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды