Алматыда бірнеше такси жүргізушісін алдаған күдікті ұсталды

Алматыда бірнеше такси жүргізушісін алдаған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. 27 жастағы С.есімді азамат қаланың кемінде төрт тұрғынын алдап кеткен. Келтірілген шығын көлемдері 10-15 мың теңге аралығында болды.

– Тергеу барысында қаскөйдің такси шақырғаны белгілі болды. Жолда жүргізушімен сөйлесіп, оның сеніміне кіріп, біраз уақытқа белгілі бір соманы қарызға бере тұруын өтініп, “жұмысқа” қайта барған соң қайтарып беруге уәде еткен. Кейбір такси жүргізушілері еш ойланбастан белгісіз біреуге көмектесті. Қазіргі уақытта бізге 4 адам арызбен жүгінді. Күдікті ұсталды, – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің басшысы Әбдінұр Тасыбаев.

Белгілі болғандай, ер адам бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін сотты болған.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған