Алматыда бір топ қалта ұрысы ұсталды

Алматыда бір топ қалта ұрысы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Қалалық криминалдық полицияның айтуынша, қылмыстық үштік тек қоғамдық көлікте ұрлық жасап жүрген. Топтың құрамында басқалардың күдігін тудырмайтын әйел де бар.

– Бұл үштіктің бір ерекшелігі бар – олардың барлығы бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталған. Күдіктілер ұсталды және қамауға алынды. Әйел 45 жаста, оның “әріптестері” 25 және 36 жаста. Сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде күдіктілер қоғамдық көлікте 4 телефон ұрлағаны үшін қамалды. Айғақты заттар тәркіленді. Тергеу шаралары жүргізілуде, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы