Алматыда бір топ ер адам намаз оқу үшін жолдың жүріс бөлігін жауып тастаған

Алматы тұрғындары намаз оқу үшін жолдың жүріс бөлігін жауып тастаған ер адамдардың үстінен шағымданды. Қалалық полиция осы жайтқа түсініктеме берді, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: instagram.com/almatinec_life02

Алматы, NEGE. Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-дағы almatinec_life02 парақшасында жарияланды.

Автордың мәліметінше, видео жұмада Алматы орталық мешітінің жанында жұма намазы кезінде түсірілген. Кадрдан ер адамдардың жол бойында намаз оқып тұрғанын көруге болады.

Желі қолданушылары ер адамдар бұл әрекетімен жедел жәрдем көлігінің өтуіне кедергі келтіріп жатқанын айтады. Осы жайтқа қатысты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, бұл оқиға бір күн бұрын Медеу ауданында болған.

 "Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтардың хабарламасы бойынша оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ер адамдарды ЖҚЕ-ні қатаң сақтауға шақырды. Сонымен қатар Алматы қаласының полициясы "Заң мен тәртіп" қағидасын еске сала отырып, кез келген құқыққа қайшы әрекеттер жауапкершілікке әкелетінін атап өтті", - делінген полиция түсініктемесінде. Т

Қазір оқып жатыр

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр