Алматыда бір бөлмелі пәтерде 990 адам «тұрып келген»
Алматы қаласының прокуратурасы көші-қон заңнамасын өрескел бұзу дерегін әшкереледі.
Астана, NEGE. Қала прокурорлары жүргізген тексеру кезінде Наурызбай ауданындағы бір бөлмелі пәтерге 990 адам тіркелгені анықталған. «Резеңке пәтердің» иесі бұл қызметі үшін сыйақы алып отырған.
Наурызбай ауданының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 394-бабымен (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) қылмыстық іс қозғап, сот пәтер иесіне қатысты айыптау үкімін шығарды. Оған 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Қала прокуратурасы азаматтарды тұрғын үйге заңсыз тіркеу қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.