Алматыда бір аптадан бері танымал әншінің ұлы іздестіріліп жатыр

Алматыда марқұм әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы Байыр Сиқымбаевқа іздеу жарияланды.

gov.kz

Астана, NEGE. Жоғалған ер адамға қатысты іздеу бағдарламасы Lider.kz еріктілер қозғалысының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды, деп жазады Kazinform.

Еріктілер жариялаған ақпаратқа қарағанда, Байыр Сиқымбаев 24 наурыз күні сағат 13:20 шамасында Медеу ауданындағы Коперник көшесіндегі үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

Айрықша белгілері: бойы 180–185 см, арық денелі, шашы қысқа, қара. Қара спорттық костюм киген.

Айта кетейік, белгілі эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаева 2024 жылы күзде дүние салған еді.