Алматыда бойжеткен айналмалы аттракционнан құлап мерт болды

24 маусым, сағат 16:00 шамасында «Горький» саябағында бойжеткен айналмалы шеңберден құлап мерт болды.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей, қыз жедел-жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кеткен.

Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

«Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жағдайдың себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді