Алматыда бос ғимараттан Қаңтар оқиғасында жоғалған атыс қаруы табылды

Алматыда полицейлер Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған атыс қаруын тапты.

polisia.kz

Астана, NEGE. Қару жасырылған орынды экстремизмге қарсы күрес басқармасы мен жедел тергеу тобы анықтаған. Бос ғимараттың ішінде тегіс ұңғылы 12 калибрлі атыс қаруы болған.

Полиция мәліметінше, бұл қару 2022 жылы қаңтарда Алматыдағы қару сататын дүкеннен жоғалған.

Табылған атыс қаруын криминалдық және ұрланған қарулар базасынан сериялық нөмірімен тексеру барысында жоғалған қару екені расталды, –делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты