Алматыда BMX-фристайлдан алғашқы ел чемпионаты өтеді

9-10 тамыз аралығында Алматы қаласында BMX-фристайлдан Қазақстан тарихындағы алғашқы ел чемпионаты өтеді.

ҰОК

Алматы, NEGE. Жарыстар қазіргі таңда Қазақстанда белсенді дамып келе жатқан және олимпиадалық бағдарламаға енгізілген BMX Freestyle дисциплинасы бойынша ұйымдастырылады.

Турнирде елдің түрлі аймағынан келген қазіргі көшбасшылармен қатар болашағынан үлкен үміт күттіретін жас спортшылар да бақ сынайды.

Айта кетейік, Қазақстан біріншілігінің қорытындысы бойынша үздік атанған спортшылар 2025 жылы Жапонияда өтетін Азия чемпионатына жолдама алады.

Қазір оқып жатыр

Жаһандық саммит аясында Мәжіліс спикері екіжақты кездесулер өткізді

Қаракемердің балаларын шыр айналдырған не қара күш?

ШҚО-да кәсіпкер әлеуметтік тауарды 127% үстемемен өзіне-өзі қайта сатқан

Сыртқы істер министрлігі қажылық алдында ықтимал қауіптер жөнінде ескертті