Алматыда бетперде киген үш адам кәсіпкердің үйін тонап кеткен

Алматыда жеке кәсіпкердің үйіне бетперде киген қарақшылар ұрлыққа түскен.

Полиция

Алматы, NEGE. «12 қыркүйекте күдіктілер маска тағып, жеке үйге кірген. Шығын – 500 миллион теңге. Жедел жұмыс нәтижесінде Алматы қаласы және Алматы облысының үш тұрғыны ұсталып, қамауға алынды», - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Тергеу барысында күдіктілердің биыл Алматы облысының аумағында және өткен жылы Алматы қаласында жасалған екі ұқсас ашылмаған қылмысқа қатысы бары анықталды.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін