Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Алматы полициясы бес адамның өліміне әкелген өртке қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы әйелді ұстады.

Алматы ПД

Астана, NEGE. Қайғылы оқиға 26 қарашаға қараған түні Бостандық ауданында болған. Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар үй ішінен бес адамның мәйітін тапқан. Марқұмдардың арасында кәмелетке толмаған бала бар. 

Полицейлер бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап, күдіктінің қайда барғанын анықтап, оқиғаның мән-жайын зерделеген.

Тергеу нұсқасына сәйкес, әйел арадағы араздық салдарынан үйді қасақана өртеп жіберген болуы мүмкін.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.