Алматыда белгілі журналист Асхат Ниязовты полицейлер ұстап алып кетті (видео)

Алматыда белгілі журналист және «Обожаю» YouTube арнасының авторы Асхат Ниязовты полицейлер ұстап алып кеткен. 

видео-скрин

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде Ниязовты операторымен бірге полиция қызметкерлерінің ұстаған видеосы тарады. 

Белгілі болғандай оны Алматы әкімдігінде тәртіп бұзғаны үшін ұстаған. 

Полицейлер Ниязовты полиция көлігіне отырғызып, отбасына немесе адвокатына хабарласуға мүмкіндік бермей, Бостандық аудандық полиция бөліміне алып кеткен.

Полиция департаменті әзірге ресми ақпарат таратпады. 

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан