11 августа 2025 г. 12:57

Алматыда базарда ұрлық жасаған күдіктілер ұсталды

Фото: Полиция

Алматыда базарларда жасалған ұрлықтардың беті ашылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Алатау ауданының полицейлері қала тұрғындарының жеке мүлкін ұрлады деген күдікпен үш әйелді ұстады. Тергеу деректеріне сүйенсек, күдіктілер бірнеше күн ішінде ірі сауда орындарының аумағында және халық көп жиналатын жерлерде азаматтардың аңғалдығын пайдаланып, ұрлық жасаған.

Қазіргі таңда олардың жеке тұлғалары анықталды. Сонымен қатар басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. 

– Біз заң мен тәртіпті қатаң сақтаймыз. Заң бұзған әрбір адам – жынысына, жасына немесе мәртебесіне қарамастан – анықталып, ұсталып, жауапқа тартылады. Бұл оқиға бойынша қолымызда жеткілікті дәлел бар, және кінәлілердің жазасын қамтамасыз етеміз, – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.