Алматыда Баум тоғайы тазартылды

Алматыда қыс қарсаңында қаланың аумақтары мен қоғамдық кеңістіктерінде ауқымды тазарту жұмыстары аяқталып келеді.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. 25-30 қараша аралығында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық бастамасы аясында қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен көше-жол желісі, қоғамдық орындар, өзен арналары, қоқыс жәшіктері мен арық жүйесін тазарту жұмыстары жүргізілді.

Бүгінде белсенді алматылықтар мегаполистің көрнекті орындарының бірі – Баум тоғайында жиналды.

Экологиялық акцияға 80-нен астам адам қатысты. Олар саябақ аймағын қоқыстан тазартып қана қоймай, қоршаған ортаға қамқорлық танытудың үлгісін көрсетті. Акция барысында 300 қап қоқыс жиналды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді