Алматыда барахолка базары өртенді

Алматыда барахолка базарындағы қоймадан өрт шықты.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 17 ақпан сағат 10:40-та Алматы қаласы ТЖД күш-құралдары Жетісу ауданы Көкмайса, 27 мекенжайына аттанған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қойманың төбесі жанған.

Жақын орналасқан әкімшілік ғимаратты қорғау үшін өрт оқпандары қойылды.

Жедел штаб құрылды, өрт екі учаскеде сөндіріліп жатыр.

Жеке автотехника кедергі жасады, өзара іс-қимыл қызметтері нысанды токтан ажырату үстінде.

«Оқиға орнында жеке құрам қауіпсіздік техникасын сақтай отырып сөндіріп жатыр. Өйткені қоймада жарылғыш заттар бар. Жұмысты сол қиындатып тұр. Қала бойынша жағдай бейнебақылау арқылы ТЖД бақылауында» деп хабарлады ведомстводан.

Өртті сөндіруге 92 маман мен 25 техника жұмылдырылған.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда жалғызбасты ана жол апатынан қаза тапты: күдіктінің жүргізуші куәлігі болмаған

Шымкентте екі колледжде 1,3 млрд теңге жымқыру ісі: күдіктінің Дубайдағы пәтері бұғатталды

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды