Алматыда балалардың ойын алаңында ер адамды бауыздап кетті

Алматыда балалар ойын алаңында кісіні өлтіріп кетті, деп хабарлады Kazinform.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қанды қылмыс туралы ақпарат Telegram арналардың біріне шықты. Онда оқиға әуежай аймағында жасалғаны туралы жазылған.

«Кісіні өлтіріп кетті, тамағын кесіп кеткен», — делінген хабарламада.

Алматы қалалық полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Күдікті ізі суымай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала болжам бойынша қылмыс алкогольдік ішімдіктерді бірге ішу салдарынан жасалған. Басқа жағдайлар анықталуда», – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады