Алматыда балалар метромен тегін жүре алады

Балаларды қорғаудың халықаралық күніне орай Алматыда 14 жасқа дейінгі балаларға метромен тегін жол жүру ұсынылды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE.  – Бастама мейрам күні балалары бар отбасыларды қолдауға бағытталған. Метрополитеннің ашылған сәтінен бастап және станциялар жабылғанға дейін тегін жол жүруге болады, – делінген хабарламада.

1 маусым – әлемнің көп елінде, соның ішінде Қазақстанда да кеңінен аталып өтетін мереке.    Бұл күн балалардың құқықтарын сақтау, оларды қауіп-қатерден қорғау, бақытты балалық шақты қамтамасыз ету мақсатында белгіленген. Аталған мереке алғаш рет 1950 жылы аталып өткен, содан бері жыл сайын балалардың игілігі мен қауіпсіздігін басты назарда ұстауға арналған түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?