Алматыда BALAFEST фестивалі өтті

Алматыда халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «BALA FEST. JARYQ SKILL FEST» фестивалі өтті. 

Александр Павский

Алматы, NEGE. Мерекелік шараға 5 мыңнан астам бала қатысты.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде Алматы - балалық шақтың, қуат пен шабыттың ортасына айналды. Мерекеге орай ұйымдастырылған BALA FEST. JARYQ SKILL FEST фестивалі арқылы бүлдіршіндер жарқын, батыл, мейірімді әрі креативті қаланы көре алды. 

Алматы әкімдігінен мәлім еткендей, фестиваль JARYQ деп аталатын бес тақырыптық бекет форматында ұйымдастырылды. Ондағы әрбір бекет бала дамуының маңызды қырларын бейнелейді. Айталық, Jastar – технология мен инновацияны, Arman – арман мен қиял әлемін, Rukh – руханият пен тарихты, Yntalyq – өнер мен шығармашылықты, Qabilet – мамандықтармен танысу және кәсіби бағыт-бағдарды бейнелеген.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе» жанкүйерлері Нани мен Love Айканың суретін өшіруді талап етті

Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

Астанада лауазымды тұлғаның қателігінен педагогтер әлеуметтік аударымнан қағылған

Тоқаев туристік сала мен балалар спортын қолдауға арналған заңға қол қойды