Алматыда азаматтарды 346 млн теңгеге сан соқтырған күдіктілер қолға түсті

Алматыда полицейлер алаяқтық қылмыстар жасады деген күдікпен үш әйелді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бүгінгі таңда азаматтарға келтірілген жалпы шығын 346 миллион теңгеден астам сомманы құрайды. Алдын ала мәлімет бойынша қылмыскерлер халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысуды ұсынып, алдап кеткен.

Олардың әрекеттерінің салдарынан көптеген азаматтар айтарлықтай материалдық шығынға ұшырады.

«Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі – аса ірі көлемде жасалған алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция зардап шеккендердің барлығын және қылмыстық әрекеттің қосымша эпизодтарын анықтау бойынша шаралар қабылдауда», – деді Алматы қалалық ПД тергеу басқармасының бастығы Айбат Мурзамадиев.

Қазір оқып жатыр

«Транстелекомнан» 4 млрд теңге жымқыру ісі: күдікті Грузиядан жеткізілді

«Өз уақыты бар»: Димаш Құдайберген қашан үйленетінін айтты

Владимир Путин Пасхаға байланысты Украинамен уақытша бітім жариялады

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді