Алматыда айналма жолға жүгіріп шыққан әйелді көлік қағып өлтірді

Қайғылы жол апаты кеше, 2025 жылғы 30 тамызда Алматыдағы шығыс айналма жолында болды, деп хабарлады Zakon.kz.

zakon.kz

Алматы, NEGE. Оқиға Шығыс айналма автокөлік жолы пен Төле би көшесінің жолайырығында болған.

LiXiang маркалы автокөлік айналма жолмен солтүстік бағытта келе жатқан. Жүргізушінің сөзінше, Төле би көшесімен қиылысқан тұстан кейін жолға кенеттен әйел жүгіріп шыққан.

"Көлік сол жақ шеткі жолақпен келе жатқан, соққының қатты болғаны сонша, дене бітімі ірі әйел қоршаудан асып түсіп, қарсы бағыттағы жолаққа құлап түсті. Ол жақтан көліктер қарсы бағытта келе жатқан еді", - деп жазды Zakon.kz.

Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін