Алматыда айырбастау пунктінің жанында тұрғынның 13 миллион теңгесін қарақшы тартып алған

Оқиға Төле би даңғылы бойындағы айырбастау пунктінің маңында болған.

Полиция

Алматы, NEGE. Беймәлім ер адам қала тұрғынынан 13 миллион теңге көлеміндегі ақшаны ашық түрде тартып алған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні – 39 жастағы Алматы қаласының тұрғынын анықтап, қолға түсірді.

«Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту барысында қылмыс кезінде бейнежазбаға түскен киімдер, ақшалай қаражат және өзге де заттай айғақтар табылып, тәркіленді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, сондай-ақ оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?