Алматыда вандал аялдаманы қиратты

Алматы полициясы тапа-тал түсте Бостандық ауданында аялдаманы кірпішпен қиратқан ер адамды ұстады. Оның әрекетін куәгерлер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлады tengrinews.kz.

видеодан кадр

Алматы, NEGE. Полиция департаменті бұзақы 32 жастағы ер адам екенін атап өтті.

"Ол аялдама кешендерінің бірінің терезесін қымсынбай сындырған. Құқық бұзушының жеке басы бірден анықталды. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Дидар Аханов.

Ұсталған адам автобус күтіп тұрып, ашуланып,терезелерді сындырғанын айтқан.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Цифрлық теңгені кеңінен қолдану «ойын ережесін» өзгертеді

Еуразиялық қаржы компаниясы 28,4 млрд теңге дивиденд төлейді

Павлодарда екі мың мұғалімнің мекенжайы мен телефон нөмірі тарап кеткен

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады