Алматыда автобусқа ойыншық қарумен кірген ер адам ұсталды

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы № 106 автобусқа қолына тапанша ұстап мінген жолаушының бейнежазбасы тарады.

Алматы ПД

Алматы, NEGE. Қалалық полиция департаменті видеодағы азаматтың ұсталғанын хабарлады.

Полиция депаратментінде әлеуметтік желідегі мониторингтен соң жедел іздестіру жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.

— Жедел әрекет ету барысында оқиғаға қатысы бар адамның жеке басы анықталды. Ол ұсталып, полицияға жеткізілді. Ер адам күзетші болып жұмыс істейтінін айтып, ойыншық болып шыққан қаруды қала базарларының бірінен сатып алғанын айтты. Тергеу жалғасып жатыр. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға берілетін болады, — деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді